АтырауЭнергоТехСервис қоршаған ортаны қорғауға және өңірлердің экономикалық дамуына инвестиция құю жолымен еліміздің жалпы әл-ауқатын жақсарту мақсатында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті (КӘЖ) дамыту перспективасымен жұмыс істейді. Осы себепті компания жүйелі және алдын ала көмек көрсетуге жауапты болып келетін Тұрақты Даму Бөлімін құрды.
Компания жергілікті халықтың болашақ буынына инвестиция салады. Біздің компания жыл сайын еліміздің батыс аймағындағы отбасыларына қол ұшын созады, балаларды мектепке дайындайды, мектепке қажетті керек-жарақтарды қамтамасыз ету, мереке және атаулы күндерді ұйымдастыру жолымен қаржылық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, жергілікті мектептердің үздік студенттері Қазақстан аумағындағы жазғы лагерьлерге жіберіледі. Компания сондай-ақ ұлттық әрі жергілікті қайырымдылық ұйымдарына қолдау көрсетуге қатынасады.
Компания негізгі мәселелерді шешуге септігін тигізетін қоршаған ортаны қорғау мәселесін КӘЖ ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Осы мақсатта компания 2016 жылы Атырау облысында 300 ағаш отырғызып, орман алқаптарын қалпына келтіруге ат салысты.