Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы әлемдік стандарттар үнемі өсуде. Осындай өзгерістер компаниялардың тұрақты қаржылық жағдайын сақтай отырып, оларға осы саладағы шығындардың орындылығы туралы күрделі шешімдер қабылдауға мәжбүр етеді. Дүниежүзілік цифрлау үрдісіне және мемлекеттік 2018-2020 жылдардағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес «АтырауЭнергоТехСервис» компаниясы өзіңді жаңа деңгейге шығаратын көлемді әдіс еңгізді. Компанияның жаңа шешімі оның операциялық шығындардың оңтайландыруына, еңбек өнімділігін арттыруына, уақытты және адам ресурстарын тиімді пайдалануына алып келді.
Толықтырылған шындық (Augmented reality) жүйесі объектілердің белгілі бір ерекшеліктерін анықтау және визуалды нұсқауларды алу, сондай-ақ уақтылы және нақты деректерді алу арқылы тиімді техникалық тексерулер жүргізуге және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Толықтырылған шындық каскасы кен орнындағы техниктің және теңіздегі кәсіпқой маманның нақты уақыттағы бейне байланысын қамтамасыз ете алады.
Толықтырылған шындық көзілдірігі белгілі бір механизмнің немесе оның жеке бөліктерінің толық сызбасын көруге мүмкіндік береді.
Бұл жүйені пайдалану арқылы орынды өзгерістер жасауға, тасымалдау процесі бойынша шығыстарды барынша азайтуға және өнімділікті 40% арттыруға болады.
DroneExperts бағдарламасы құбырлар жүйесін, мұнай жабдықтарын, мұнай өңдеу зауыттарын, газ алауларын және су асты жабдықтарын оңай тексере алатын дрондарды пайдалануды қамтиды. Бейне түсіру технология және датчиктермен жабдықталған дрондар ағып кетуді қадағалап, мұнай төгілуін анықтай алады. Сонымен қатар, құбырлар мен бұрғылау қондырғыларының қауіпсіздігі мен сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл жобаны еңгізудің артықшылықтарына нақты анализ жасау мүмкіндігі, шығындардың күрт төмендеуі, қауіпті жағдайлардың азаюы, сондай-ақ өнімділіктің арттыруы жатады.
COMOS бағдарламалық платформасы кәсіпорынның цифрлік егізін құрыстыруға арналған. Жүйенің 3D визуализациясы денсаулықты, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауға арналған барлық процестерді модельдеуді қамтамасыз етеді. Бұл жекелеген технологиялық бірліктердің де, сонымен қатар, іске қосудан бұрын бүкіл технологиялық тізбектің де жұмысын тексеруге көмектеседі. Осылайша, жаңа платформа өндірістің барлық кезеңдерінде толық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Радио жиілікті сәйкестендіру (RFID) – объектілерді автоматты түрде анықтау үшін электромагниттік өрістерді пайдаланатын өте тиімді технология. RFID қол жеткізуді бақылау, тасымалдау процесін есепке алу, смарт-сақтау және өндірістік есепке алу жүйесін енгізу мүмкіндігін ұсынады. Бұл технология қызметкерлердің қозғалысын есепке ала отырып және адам факторын ескере отырып, қауітпті жағдайлар деңгейін азайтады. Сонымен қатар, ол қауіпсіздік бақылау орындарында жабдықтарды автоматты түрде сәйкестендіруді ескере отырып, жеткізу тізбегі үдерісінде айқындылық тұрғысынан тиімді.
S.A.F.E.S.T. технологиясы – бизнес-процестерді одан әрі оңтайландыру үшін біріктірілген деректер базасын құрайтын және жұмыс орнында қауіпсіздік пен тиімділікті қадағалайтын жүйе. Технология құралдарына GPS трекерімен жабдықталған сағат, бейнекамералары бар каскалар, адамдарды анықтау ақылды жүйелер және түрлі сенсорлар жатады. Деректерді өңдеу және талдау мақсатында S.A.F.E.S.T. барлық деректерді бірыңғай дерекқорға біріктіреді. Төтенше жағдайда жұмысшының орналасу орны мен биометрикалық деректерін үнемі бақылаудың арқасында, бұл күрделі технология жұмыскерлердің орнын анықтау процесін жеделдетіп, уақтылы алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Компаниямыздың осындай күрделі жүйелерді үздіксіз технологиялық даму дәуірінде интеграциялау тәжірибесіне сүйене отырып және барлық артықшылықтарын есепке ала отырып, S.A.F.E.S.T. тиімді инвестиция екенін дәлелдеуге болады. Осы жүйе арқылы адамның өмірін сақтап қана қоймай, ұйымның қаржылай және уақыттық ресурстарын оңтайландыруға болады.