Құттығай батыр көшесі, 25, Атырау
060000, Қазақстан Республикасы
+7 (7122) 46 52 62
+7 (7172) 79 66 96

Жобалау, сатып алу және құрылыс

«АтырауЭнергоТехСервис» пайдалы қазбаларды игеру, мұнай-газ, энергетика және инфрақұрылым саласындағы жобалау, сатып алу және құрылыс жұмыстарын қоса алғандағы біріктірілген шешімдерді әзірлейді.

Біздің тәжірибеміз жобалық қызметтер циклінің барлық аясын қамтиды - зерттеу, жобалау мен үйлестіруден бастап сатып алу және логистикаға дейін, сондай-ақ одан кейінгі құрылыс жұмыстары да қамтылған. Ресурстарды тиімді пайдалану және кестеге сай жұмыс жүргізу үшін біз жобалаудың әуелгі кезеңінен-ақ құрылыспен және іске қосу-баптау жұмыстарымен айналысатын командаларды іске тартамыз. Бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін Атырау, Астана және Алматы қалаларындағы кеңселер мен жедел орталықтарынан қолдау көрсетіледі.

«АтырауЭнергоТехСервис» Қазақстандағы жобалау, сатып алу және құрылыс салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар ұйым, оның жоғары сапалы қызметі келесі лицензиялармен қамтамасыз етіледі:

  • Геологиялық-барлау жұмыстарын қоса алғанда, 1 Санаттағы  инженерлік-геологиялық жұмыстары
  • 1 Санаттағы құрылыс жұмыстары
  • Электр тасымалдау желілері мен қосалқы станцияларға техникалық қызмет көрсету
  • Зертханалық жұмыстар.

Біздің инженерлік салаларымыз келесі аумақтарды қамтиды: азаматтық, механикалық, электрлік және құрылымдық инженерия, сонымен қатар зерттеу-іздестіру және жобалау жұмыстары.

Жобалардың алға басыу компания бөлімдерінің бірлескен жұмысы арқасында, яғни инженерлік құралдар мен жұмыс процестерін сатып алу, материалдық қамтамасыз ету, құрылыс және жобаларды басқару жүйелерімен еш қиындықсыз біріктіре білеміз.