Құттығай батыр көшесі, 25, Атырау
060000, Қазақстан Республикасы
+7 (7122) 46 52 62
+7 (7172) 79 66 96

Біздің миссиямыз

Компанияның миссиясы - біздің Клиенттердің, акционерлердің, қызметкерлердің және біз қызмет ететін қоғамдастықтардың игілігі үшін және олардың өркендеуіне арналған жобаларды қауіпсіз жүзеге асыру болып табылады.

АтырауЭнергоТехСервис қоғамда және өз Клиенттері ортасында нық сенімділік пен мінсіз беделге ие. Әрбір Клиентке деген біздің көзқарасымыз әр жобаның нақты қажеттіліктерін түсінуге және коммерциялық әрі техникалық мақсаттар үшін жеке шешімдерді ұсынуға бағытталған.

Біздің құндылықтарымыз ретінде қызғыштай қоритын негізгі басымдықтарымыз алынған:

  • Сапаға, денсаулыққа, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға деген көзқарасты қалтқысыз ұстану
  • Біздің қызметкерлерімізбен өзара сенім, сыйластық пен табыстылыққа негізделген қарым-қатынастар
  • Бизнестегі ашықтық, есептілік және тәртіпті ұстану
  • Компаниядағы тəуекелдер туралы жақсы хабардар болу
  • Біз жасайтын істердің толымдығы
  • Мүдделі тараптар алдындағы қаржылық жауапкершілік

Біз жаһандық нарықта жобалар мен қызметтерді ұсынатын әлем деңгейіндегі мердігер болуға ұмтыламыз. Біз атқарған жұмыстар тапсырмалардың күрделілігіне қарамастан, Клиенттеріміздің кез келген тілек-талаптарын қанағаттандыратын жұмысты орындайтындығымызды дәлелдеп көрсетті.