Құттығай батыр көшесі, 25, Атырау
060000, Қазақстан Республикасы
+7 (7122) 46 52 62
+7 (7172) 79 66 96

Компанияға шолу жасау

АтырауЭнергоТехСервис - 2002 жылы құрылған 100% жергілікті компания. Компанияның бас кеңсесі Атырау қаласында орналасқан.

Біздің компания жобалау, сатып алу, құрылыс және қызмет көрсету (ЖСҚҚ), операциялар, жобаларды басқару және жеткізу тізбегі саласында оңтайландырылған және біріктірілген шешімдерді әзірлеу үшін Клиенттермен әрекеттестік жасайды. Соңғы он жыл ішінде біз жобаның әрбір кезеңінде жоғары сапалы қызметтер мен техникалық білімдер есебінен қарқынды өсімге қол жеткіздік.

Біздің біріктірілген менеджмент жүйеміз ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.

Қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейіне жетуді мақсат тұтып АтырауЭнергоТехСервис экологиялық аспектілердің компанияның барлық қызметін қамтуына, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ стандарттарының сақталуына және жұмыстың айрықша жоғары деңгейде жүргізілуіне ұдайы бақылау жасайды, өз кезегінде бұл серіктестердің, клиенттердің және қызметкерлердің қанағаттануына әкеледі.